Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасаған кезекті азаматты ұстады
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі.
2021 жылдың 10-қарашасында Әл-Фараби АПБ-на қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, танысы мемлекеттік «Бақытты Отбасы» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп сендіріп, құжаттарды рәсімдейтінін айтып 75 000 теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп хабарсыз кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, тиісті басқармаға жеткізді.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдарға сенбеуді сұрайды.