Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желідегі алаяқтардан сақ болуға шақырады
Қазіргі таңда алаяқтар түрлі сылтаулармен, төмен бағада тауар сатып алу, сату, арзан бағамен пәтер сатып алу, қызмет көрсету секілді жарнамалар арқылы жасалатын қылмыстар орын алуда.
Мәселен, 2021 жылдың 15-мамырында Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының «102» нөміріне жергілікті жердің 26 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, «OLX» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз тұлға компьютерге арналған принтерді сатып аламын деп жалған айтып, алаяқтық жолмен есеп шотынан 85.000 теңге аударып алған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласының полицейлері алаяқтардың құрбаны болмас үшін, тұрғындарды сақ болуға және жеке дара мәліметтерімен бейтаныс азаматтармен бөліспеуге шақырады.