Шымкенттік полицейлер бір аптада абаттандыру ережесін бұзған 46 тұрғынды анықтады
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр.
Қаратау АПБ-ның ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен ағымдағы жылдың 14-20 ақпан аралығында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында 46 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда, шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.