Шымкенттік полицейлер бір аптада ортақ пайдаланатын орынды ластаған 25 құқықбұзушыны жауапкершілікке тартты
Ағымдағы жылы желтоқсан айының 13-18 аралығында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен ортақ пайдаланатын орынды ластаған 25 тұрғын анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бап. (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Осы орайда, Шымкенттік полицейлер қала аумағында тазалықты сақтауды сұранады.