Шымкенттік полицейлер бұрынғы әйеліне күш көрсетіп, заттарын алып кеткен азаматты ұстады

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, күндізгі сағат 14:00 шамасында өзінің бұрынғы некедегі күйеуі үйіне келіп, өзінше билік ету арқылы құны 190 000 теңгелік «LG» маркалы кір жуғыш машинасын, 260 000 теңге тұратын кілемін, сондай-ақ 160 000 теңгені құрайтын «Samsung» маркалы теледидарын заңсыз иемденіп кеткен. Келтірілген шығын көлемі 610 000 теңгені құраған.
Хабарды алған Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, арызданушының бұрынғы күйеуін қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде азаматтан өзі иемденген тұрмыстық техникалар тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 389-бабымен (Өзінше билік ету) сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарынан заңға қайшы іс-әрекеттер туындаған жағдайда мәселелерді заң аясында шешуге шақырады.
Егер, Сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.