Шымкенттік полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы №42 УПП-нің жауапты учаскелік полиция инспекторы Жандос Тастанбеков әріптестерімен бірлесіп Шымкент қаласы Жастар көшесінің бойында пәтер жалдап, жеті бала тәрбиелеп отырған көп балалы отбасыға көмек қолын созып, қажетті азық-түлік пен қаржылай қолдау көрсетті. Ең кішкентай баласы алты жаста, үлкені 16 жасқа толған. Жандос Тастанбеков келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасыға зор денсаулық, бақыт, сәттілік пен жарқын болашақ тіледі. Өз кезегінде отбасы полицейлерге ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Айта кететін жайт, осындай қайырымдылық іс-шаралар полиция қызметкерлері тарапынан жиі ұйымдастырылып жатыр. Себебі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ізгілік көмек көресту өздерінің азаматтық борышы деп біледі.