Шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Ағымдағы жылдың 19-тамызында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мобильдік топпен бірлесіп, аудан аумағында орналасқан «Жеті тандыр» тамақтану орталығына барып санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық іс-шара барысында той-жиын мен көпшілік басқосудың салдары эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне сеп болатыны кеңінен айтылып, ескертілді.
Айта кетейік, алдағы уақытта да бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары және рейдтік шаралар өз жалғасын табады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.