Шымкенттік полицейлер карантин шектеулеріне бағынбаған рестобарды анықтады

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік   іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 4-маусымында сағат 00:30-да Тәуке хан даңғылы №277 үйде орналасқан  «Пандора» рестобары  карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар рестобар  ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қорқор ұсынғаны да белгілі болды.

Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған рестобар  әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты, үстінен  акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыға бағынбай, әлі күнге той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын қатаң ескертеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.