Шымкенттік полицейлер көлікті алаяқтық жолмен иемденіп кеткен азаматты анықтады
Қаратау ауданының Полиция басқармасына хатшылық арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, жеке тұлға сеніміне кіріп, сатылымға қойған құны 9.000.000 тенге тұратын «VAN HOOL» маркалы автобусын Қызылорда қаласында орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығында» анасының атына рәсімдеп алып, ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тұрғыны анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.