Шымкенттік полицейлер құрылыс жабдықтарын жеткізіп алып, ақшасын төлемеген алақты анықтады
2021 жылдың 4-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға құрылыс жабдықтарын жеткізіп алып, 6.444.000 теңге ақшасын төлемей алаяқтық жолмен иемденіп алғанын көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.