Шымкенттік полицейлер мектеп оқушылармен кездесу өткізді
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Б.Тохсейтов ювиналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Малдыбаев қаладағы №120 Б.Момышұлы жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып кездесу өткізді.
«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек», — дейді ювеналды полиция өкілдері.