Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп, алдап соққан алаяқты ұстады
2021 жылдың 27-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіру арқылы, мемлекеттік бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп, 1.500.000 теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.