Шымкенттік полицейлер мешіттен ұялы телефон ұрлаған азаматты бір тәулікте ұстады

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, қаладағы мешіттердің бірінде болғанында күртешесіндегі «Samsung» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреудің қолды еткенін жазып көрсеткен. Яғни, әккі ұры айналасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, келушілердің қалталарын тінтіп қолына түскен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 158 000 теңгені құраған.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына жұмылды. Әл-Фараби АПБ полицейлері ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде, небәрі бір тәулік ішінде ұрлық жасаған азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер ұрлық қылмысының алдын алу үшін сауда орындары мен ғимараттарға, үй-жайларға бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.
Егер де, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицияның «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.