Шымкенттік полицейлер ноутбук ұрлаған ұрыны анықтады
2021 жылдың 30-маусымында Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға өзіне тиесілі құны 200.000 теңге тұратын ақ түсті «VAIO» ноутбугын ұрлар кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын бермеуге кеңес береді.