Шымкенттік полицейлер пәтер алып беремін деп алдаған алаяқты ұстады
2021 жылдың 5-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен 200.000 теңге ақшасын иемденіп алып, осы күнге дейін қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.