Шымкенттік полицейлер сеніп тапсырылған ойын құрылғысын ломбардтқа өткізіп жіберген азаматты ұстады
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзіне тиесілі «PlayStation» маркалы ойын құрылғысын танысына жалға берген. Екі күннен соң құрылғысын кері қайтарып алуға барғанында, танысы жоғалтып алғанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі 120 000 теңгені құраған.
Хабарды алған полицейлер аталған жайтқа қатысы бар азаматты іздеуге кірісті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматты қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған азамат ойын құрылғысын қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп, алған қаражатты өзінің бас пайдасы жаратып жіберген.
Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан белгісіз азаматтарға артық сенім білдірмеу керектігін қатаң ескертеді.
Егер, Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.