Шымкенттік полицейлер «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 64 жүргізушіні жауапкершілікке тартты
Ағымдағы жылдың 7-тамызында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен рейдттік іс-шара жүргізілді.
Нәтижесінде, 64 көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабы (жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті жүргізушілер және жол қозғалысының қатысушылары, Сіздерден жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауды және тиісті ережелерді сақтауды сұраймыз.