Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын төрт сағаттың ішінде ұстады

2021 жылдың 27-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, Шымкент қаласында орналасқан аурухананың дәлізінде тұрған, «Samsung A10» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ №30 учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, емхананың бейнекамерасы арқылы көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Осы орайда, Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары азаматтарды сақтыққа шақырып, бағалы заттарын автокөлік ішінде, дүкенде, ойын– сауық орталықтарында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.