Шымкенттік полицейлер темір қазан ұрлаған азаматты бір тәулікте ұстады
Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, белгісіз біреу үйінің ауласына күндізгі сағат 16:00-18:00 шамасында кіріп, асханасында тұрған 100 литрлік темір қазанын қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 25 000 теңгені құраған.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына жұмылды. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жетіп, темір қазан ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, полицейлер арада 1 тәулік, өткенде ұрлық жасаған азаматты тұрғылықты мекен-жайынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарына жеке мүліктеріне аса сақ болуға шақырады.
Егер, Сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.