Шымкенттік полицейлер тұрғынның атынан онлайн несие рәсімдеген азаматты анықтады
2021 жылдың 14-қарашасында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, екінші деңгейлі банк арқылы несие рәсімдеу мақсатында Шымкент қаласына келгенін көрсеткен. Банк ғимаратында отырғанында белгісіз азамат жәбірленушінің сеніміне кіріп, ұялы телефонын пайдалану арқылы банк қосымшасынан онлайн түрде 2 513 000 теңге несие рәсімдеп алғанын жазып көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді.
Аталған жайт негізінде, азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.