Шымкенттік полицейлер велосипед ұрлаған тұрғынды ұстады
2021 жылдың 20-шілдесінде Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінің подъездінде түрған құны 65.000 теңге тұратын велосипеідін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын бермеуге кеңес береді.