Шымкенттік полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірге жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында студенттермен кездесу өткізді.
Басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру болып табылады.
Іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысна қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков және Шымкент университетінің студенттері қатысты.
Кездесу аясында жастар арасында нашақорлық, жайында толыққанды мағлұмат берді. Сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі