Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғынның жеке мүлкін үптеп кеткен азаматты құрықтады
Қаратау ауданының Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үй ауласында тұрған құны 40.000 теңгелік 70 литрлі темір бөшкесін және құны 35.000 теңге тұратын кілттер жинағын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілген. Нәтижесінде, ұрлық жасаған азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.