Шымкенттік полицейлер жұмысқа кіргізіп беремін деп 700.000 теңгесін иемденіп кеткен азаматты ұстады

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп 700.000 теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу  барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Түркістан обылысы, Леңгір қаласының тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.