Шымкенттік тұрғын жоғалған ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

Ағымдағы жылдың 23-ақпанында Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, қала аумағында қоғамдық көлікте болғанында өзіне тиесілі «Samsung» маркалы ұялы телефонын белгісіз жағдайда жоғалтып алғанын жеткізген.

Хабарды алған Қаратау АПБ қызметкерлері бірден оқиға орнына бағыт алды. Бейнебақылау жүйелері мен қоғамдық көліктер жіті қаралды. Сақшылар жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, жоғалған ұялы телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде, жергілікті тұрғын Сымбат Көбеева: «Мен қоғамдық көлікте келе жатқанымда ұялы телефонымды жоғалтып алдым, содан «102» арнасына хабарластым. Тәртіп сақшылар жедел түрде келіп, ұялы телефонымды тауып берді. Сіздердің нәтижелі жұмыстарыңызға алғысым шексіз! Қызметтеріңізге табыс тілеймін!», -деп ризашылығын жеткізді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.