Шымкенттіктер мәмпәсиге мәз болатын жұрт емес

Шымкентке басшылық қызметке келгендер «Креслоның буына» желіге бермей, алдымен ел-жұртқа күлкі болып қалмауды ойласын.

Шымкенттің ЕвроАзия түгілі, мұхиттың арғы жағына танымал дегендер қателеспейді дер едік. Бұл – бір уыс қазақты алалау емес. Барды мойындап, соның қадірін жоғалтпау деген сөз. Астанадан оңтүстік жаққа басшы болып келген «шәлтірейгендер» «данышпан» болудан бұрын, астаналықтар «обедке шықпаймыз, қайтып келгенше орнымызды шымкенттіктер алып қояды» дегенді неге шығарғанына ой таразысына салып көрсін. Шымкенттіктер алғыр да, терең ойлы болып келеді. Ой ойласа кең ойлайды, кең ойласа тең ойлайды. Сондықтан, ұлт құндылығынан қол үзбей, парасатты пайым етіп, бауырмалдықты болмысымен біте қалыптастыра білгендігімен ерекшеленеді. Ізденімпаздық пен іскерлікті серік етіп жасайтын іс-қимылының оқ бойы озық тұратыны жұрттың бәріне қайдан жаға қойсын.

Айтпағымыз, қызмет істейтін жерін тереңнен танып білмеген жан қарадүрсін тірлігімен елге күлкі болатынын ойласа болмай ма? Жуырда Шымкент қалалық білім бөлімі №24 мектепте 200-ден астам адамның басын қосқан жиын өткізді. Сол күні түске дейін 300-дей мектеп директоры мен оның орынбасарлары 3 сағат жалаң да, жадағай тыңдаушысы болса, біз түстен кейінгісінің куәсі болдық. Мектеп қамқоршылық кеңесі төрағалары, мектеп директорлары орынбасары, балалар бақшасы меңгерушілеріне «жарапазан» тағы да қайталанды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросы мекемесі басшысын орынбасарларының қаладағы саз мектебінің директоры осыдан екі жыл бұрын бір қызметкерден 420 мың пара алғаны анықталғанын 34 минут сөз етіп отырып алды. Жұртты селт еткізіп ой саларлық немесе өзекті мәселенің пәрменділігін арттыруда қоғамдық белсенділікті арттыру туралы тұщымды әңгіме айтса мақұл ғой.

Енді пайдалы әңгіме тыңдаймыз деген жұртқа екінші мәселе бойынша министр Сағадиевтің кеңесшісімін деген ханым «ғасыр ертегісін» бастап кетсін. Сағадиев министр болған соңғы үш жылда еліміз әлемнің озық 30 елінің 4-орнына, тағы бір мәселеде 14 орынға жайғасып үлгерсе, көп мәселеден Ресей, Дания т.б. көп елдерге шаң қаптырып кетіппіз. Еліміздің БАҚ беттерінде сыналумен жүретін министрге залда отырғандардың ілтипаты жоғын байқап қойғаны ма, әйтеуір министрдің кеңесшісі барша жұрттың жүзінде күлкі жүруге тиісті екенін айтып тұрып алды. Ығыр болған тыңдарманның ішінен «күлмегендерді қытықтаймыз ба?» деген кекесінді сұраққа дейін қойды. «Данышпан» лектордың студенттердің алдында тұрғандай мән-мағынасынсыз әңгімесі жұртты жалықтырып жіберді. Сол сәтте залдан бір мектеп қамқоршылық кеңесі төрағасының: «Біз іскерлік жағдайынан хабардар ететін әңгіме естімейтін болсақ, онда алтын уақытты қор етпей, қайттық» дегенді айтып салды. «Дені сау» әңгіме болмайтынына көзі жеткен бірнеше азамат жиналыстан шығып жүре берді.

Осының бәрін өз көзімен көрген білім басшысы А.Абылайхан Шымкентте «показуха» тірлік ұятқа қалдыратын сезінсе болар еді. Әй, қайдам? Қарапайым жұртшылықты «тобырға» етпейтініне шенді-шекпеділердің тірлігі белгілі емес пе? Мына жағдай соның айқын дәлелі болып отырған жоқ па?

 

Әділ Мұратбеков

 

Фото: Tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.