Шымкенттіктер не деп шырылдайды!
Біз құқықтық мемлекет құрып жатқан елде тұрып жатқан жоқпыз ба? Оқырманға шағымданушылардың
мұң-зары сенімді де, түсінікті болу үшін, редакцияға тапсырылған хат мəтінін өзгеріссіз жариялауды жөн
көрдік.
«Көше тұрғыны Жанбай Анарбек 2013-2017 жылдар аралы ғында жылына ең кемі 3-4 рет арыз жазып, Əл-Фараби ауданына, Шымкент қалалық автомобиль жолдары бөліміне көшемізді асфальттату туралы арыз данып келеді. Жауап əлі күнге дейін жоқ. Əрине, нəтиже де жоқ.
Қараңыз, біздің көшемізге дейін де, көшемізден кейінгі де көшенің жолдарына асфальт жабындысы төселген. Біз осы мəселені көтеріп Əл-Фараби ауданы əкімінің қабылдауында бірнеше рет болдық. Əкім болса: «Біз транспорт бөліміне ұсыныс бергенбіз» деген сөзбен шыға рып салады.
Осы күнге дейін қаланың транспорт бөліміне жəне аудандық бөлімге жазылған арыздарға жауап та қайтарылмады». Біз тəуелсіздік алып, құқықтық мемлекет құрып жатқан жоқпыз ба? Шымкент қаласы əкімдігінің қызметкерлерінің «ҚР Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын қабылдау жəне қарау тəртібі туралы» заңын өрескел бұзып отырғанын қалай түсінуге болады. Əлде, «шымкентшелеу» дегеніміз
осы ма?