Шымкенттің «Үздік құқық қорғаушысы» анықталды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай қаланың көркеюіне үлес қосқан түрлі салалар бойынша жетістікке жеткен жастарды марапаттады.
Жыл қорытындысымен түрлі саланың озаттарына «Үздік жастар премиясы» беріледі. Дәстүрлі шара биыл осымен оныншы рет ұйымдастырылып отыр. Шараның ережесіне сай, 14-29 аралығындағы 175 жас байқауға қатысуға өтінім берді. Комиссияның шешімімен тек 29 жас өз саласында «Үздік» деп танылды.
«ҮЗДІК ЖАСТАР — 2020» премиясы ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай 29 номинациядан тұрды. «Үздік спортшы, мұғалім, журналист, волонтер сынды аталымның ішінде «Үздік құқық қорғаушы» номинациясы Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мардан Аширалиевке берілді.
Мардан Асхатұлы – Шымкент қаласының тумасы. Ол
2014-2018 жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын үздік аяқтап, 2018 жылдан бастап Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып келеді. Еске салайық, Полиция аға лейтенанты Мардан Асхатұлы 2020 жылдың 05 қыркүйек күні өзіне бекітілген аумақта іс-түссіз жоғалған кішкентай жасөспірімді аман-есен тауып, анасымен қауыштырған.
Бүгінде Шымкент қаласында 239 мыңнан астам жас болса, ол қала тұрғындарының 23 пайызын құрап отыр.
Үздіктерді жеңісімен құттықтаймыз.