Соғыс ардагері 7 жыл бас бостандығынан айырылды
QAZYGURT.KZ: Қостанай облысында адам өлтірді деп айыпталған 94 жастағы соғыс ардагеріне сот үкімі шықты. Иван Сурков 80 жастағы қарияны гантельмен ұрып, пышақтаған.
Қостанай облысы Затобол ауданының 94 жастағы тұрғыны Иван Сурков жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Оған психиатрда мәжбүрлі түрде емделу тағайындалған. Алайда қария өзіне шығарылған үкіммен келіспеді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. Иван Сурков 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақтаған. Жарақат алған зейнеткер қайтыс болған.
Сот барысында ардагердің соғыс кезінде үш мәрте жарақат алғаны, 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны айталды. Сот мәліметінше, осы жағдайлар зейнеткердің психикасына әсер еткен.
АҚПАРАТ көзі: nur.kz