Сорпасы сорғалаған сорақылықтар — Шымкентте қорқыныш емес

Тағы да сөзді «Жанайғай» жасаушылардың өзіне берейік. «Бадам ауылдық округінде орналасқан №84

жалпы орта мектепке балаларымыз білім алуға   барады. Ондағы жағдай тіпті адам шошырлық.  Мектеп ішінде ауыз су жоқ. Əлі күнге дейін құдықтан  алынатын піспек (качалка) суын пайдаланады.  Мектептің жайы есімізге түскенде, біз қай ғасырда,  қай қалада өмір сүретіндігімізді түсінбей қаламыз. Піс пектің суын ауыз су ретінде пайдалануға болмайтын дығы туралы СЭС мамандарының қорытынды  бергеніне де 10 жылдың көлемі болды. Мектепке,  мектеп ауласына таза ауыз су кіргізіңдер деп барған  ата-аналарды мектеп директоры «оған қаржы  қарастырылмаған» деген жауаппен қайтарады. Қаржы бөлін генше қанша бала түрлі жұқпалы  ауруларды жұқтыруға тиіс?»

Халықтың төзімді, жуас болғаны да керек шығар. Бірақ, мына жерде өздерінің бала қамын ойлап шырылдаған үнде ған үндеріне құлақта аспай отырған «бишікештерді»  «тобасына келтіру» сол ата-аналардың қолынан келеді  ғой. Жала жаппа, факті бар. 10 жылдан бері «былқ»   етпейтін мектеп əкімшілігі мен аудандық қоғамдық  денсаулық басқармасын сотқа бер. Заң аясында шешім  де қабылданады, жалын ұстатпай жүрген тірлік те оң  шешімін табатын болады. Əкімдік атаулыны «Нысана»  ете бермей, бір сəт өз құқығымызды қорғауға да  болатын шығар.

Бұл жақтың балаларының мектепке барып-қайту  жолдарына жолаяқ (тротуар) жасалмағанына тұрғындар  қатты алаңдаушылық білдіреді. Сондай-ақ, көше  шамдары дегеннен хабарсыз, облыс орталығынан 300  шақырым арыда өмір сүретіндердің «күні бізден артық»  деп күйінеді. Ондаған көше тұрғындары өздерінің қолы  қойылған хатын:

«Құрметті облыс басшысы! Біз көтерген өзекті  мəселелер мен заң бұзушылықтарға өз назарыңызды аударуыңызды жəне оңды шешімін табуға  ықпал жасасаңыз деген үмітпен халық Сізден көмек  сұрайды», — деп аяқтапты. Жоғары атқарушы органның   қызметіне төрелік айтуға құқымыз жоқ болған дықтан, бəріне төреші уақытты да күткен жөн шығар. Қала  əкімдігінен үмітін үзген жандардың ендігі сеніміне де  селкеу түсіп қалмасыншы деген ойды да жасырғымыз  келмейді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.