Сот төрағасының «басын қатырған» жағымпаздықтың сиқы

Естен кетпес келеңсіздік. Өкініштен гөрі,намыстану басым. Жыл өткен сайын жерлестеріміздің биік болмысын майдалай түсуге ұмытылған жағымпаздардың пендешілігі Шымкентте бел алып барады. Өзіміз куәсі болған сондай бір фактінің жай-жапсарын ой таразысына салып көрейік.

«  Бұқаралық ақпарат құралдары және байланыс күні » атаулы күнінің осыдан ай шамасы бұрын Оңтүстік Қазақстан облыстық соты әкімшілігінің өткізген іс-шарасында көзге көрініп тұрған келеңсіздік жұртшылықтың жүйкесін жұқартты дер едік. Бар мәселе БАҚ ұжымының еңбегін елеп, ел-жұрттың алдында атап өтіп, еңбек адамына қатысты әділетті баға беру ғой. Облыстық ірі мекеменің  тілдерді дамыту және баспасөз қызметі саласындағы  « данышпандарының »   БАҚ еңбегін бағалап, марапаттауды қоя тұрғанда, бір ауыз жылы сөз айтқызудың өзін шала сауатты саяси ойындарының саудасына салып жібергені ұят болды-ақ. Сот төрағасы қызметіне келгеніне ай толмаған азаматқа ешкім « бәрін біліп алмапсың »  деп айта алмас.Қызметкерлері дайындап берді,  төраға тапсырғанды біледі де. « Телеарнада үш рет хабар берді, газетте 4-5 материал жарияланды, т.б. солай болып айтылады да, кәдуілгі  « шымкентшелеу »  республикалық телеарналардың аузын алу, белгілі бекбике-облыстық ресми газеттердің арқасынан қағу «  ойындарын  »     өздерінің сценарилері бойынша  «  керемет »  етіп шығарғандай. Ал, бірақ мына жақта 3 млн. халқы бар өңірдің көкірегі ояу, көзі қарақты оқырмандары  отырған жоқ па?

Ел тұрғындарының құқықтық сауаттануы баяу жүріп келеді. Көреген саясаткер Елбасы Н.Назарбаевтың сот жүйесін реформалауда мақсат еткен жаңашыл істері де баяндылық тауып жатыр. Осының бәрінен тереңнен хабар, әрі қарапайым халықтың шынайы жанашыры болғысы келетін ниеттегі облыстың қарымды қаламгерлері сот саласына қатысты атқарып жүрген істері ерен. Оны мыңдаған оқырман оқып отыр. Олардың редакциялармен байланысып отыратындары да, түсінушілікпен жұмыс істейтіндері де бар. Мысалы  «  Қазақстан жолы »   газетінде 2016 жылдың өзінде аудандық соттардан-18, облыстық мамандырылған соттардан-11, Арыс сотының өзінен-16, ал әкімшілік соттан-5 материал, яғни 50 материал  жарияланыпты. Облыстың 3 ресми газетінде жарияланған материалдардың бәрін қосқанда 50 мақала шыға ма? Жоқ. Барды жоқ ететін,жоқтан бар жасайтын  «  шымкентшелеудің  »  саяси ойыны. Осы газетте 2017 жылдың 5 айының өзінде ауданнан-4, әкімшілік соттан-4, Арыс сотының өзінен-7, облыстан-2 материал, яғни 17 материал жарияланыпты. Облыстық сот  төрағасының марапатын көрген газеттердегі материалдардың саны  осыған жете қоя ма?Ал, « Уақыт»  газетінің өзі жарты жылда 30 жуық материал жариялаған болса, « Еркін ой » ,  «Ар-дақ »  сияқты басылымдарда қаншама материалдар жарияланып жатты.

Осы күнгі іс-шараға келген редакторлардың дені өз көргендеріне өздері  сенбегендей болып, тыпыршып отырғандарының соңы мекеменің  іс-шарасының мәдени бөлігіне мән бермей, тұрып кеткендерінен көрінгендей болды. Жалғыз облыстық сот емес, облыстағы ірі мекемелердің баспасөз қызметі тізгінін ұстаушыларда  «  басшының басын телеарналар мен ресми басылымдарға игендей етіп, соларға жөн-жосықсыз қошемет жасатқызып, екі араға  « алтын көпірін »  жасаймыз »   деген бір  таяз ой бар сияқты. Оның үстіне Шымкентте  « күштілерге »   жалпақтаудың сорақылығы да сорайып көрінетіні бар.

Облысқа танымал азамат, облыстағы  Кіріс департаментінің басшысы А.Үмбеталиевтың республикалық және жергілікті БАҚ жетекшілерінің басын қосып отырғанда, алғашқы өнеге сөз бастауды сол кездің « күштісі », бүгінде түрмеде отырған Қ.Ботабековке беріп, оңтүстікті намыстан жарылардай еткені реті келгенде  әлі күнге ызалана айтылатыны бар.Республикалық басылымдардың өкілдері мен облыстық ресми газеттерінің, тәуелсіз басылымдардың редакторлары «қорқытатын» газеттің алдында өздерінің қоянның көжегіндей болған күйлерін көріп, облыстық ірі мекеме басшысының тірлігіне бас шайқап тарасқаны бар-ды.

« Шымкентшелегенде »  нені шығармаймыз, біздер! Ең қызығы, шындықтың шынында тұрғанға есептелінетін облыстық соттың мекемесінде пендешіліктің жетегіндегі пақыр ойлардың қызмет тізгінін ұстайтындығы.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.