Сұмдық – ай! Облысқа ендігі жетпегені осы еді?

Күні кеше, яғни 24 қараша күні Мақтаарал ауданындағы Нұрлыбаев және Үкібаев атындағы мектептерге жаңадан директор тағайындалсын, оны аудандық білім бөлімі басшысы орынбасары мектепке алып барғанын да, екі мектептің де мұғалімдері мен ата-аналары жаңа директорларды кабинеттеріне кіргізбей қойған. Жергілікті билік үшін бұдан өткен масқаралық бола қоймас. Ең құрығанда бейкүнә бүлдіршіндерді тәрбиелейтін жерді «былғап» жібергеніміздің көрінісі шығар. Бұл болмаса, жаңа директорларды кабинетіне кіргізбей қойғандар «жолдаманы жанкештілер» емес, сол мекеменін нан жеп, сол ауылдың сын ішіп отырған нағыз елжанды азаматтар. Олар директорлардың ел сенімінен шықпайтын, басшылық қызметке лайықсыз екенін білгеннен соң, шығар қасқайып тұрып «жаманатты болғандары» қарамай, шәкірттерінің болашағы үшін тәуелге барғандары. Бұл майда-шүйде пендешілік. Бір топтың мүддесі емес, салмағын атан түйе көтере алмас тыныс-тіршіліктің тұяқ серпуі сыңайлы.

Жергілікті биліктің халықты тобырға есептеп, мекемелерді жекеменшік «фирмаларындай» көріп, ойларына келгенді істеуді тоқтататын уақыты келді. Екі аудан бірге болған кезде білім бөлімін басқарған С.Туребековтың келеңсіз тірліктері туралы облыста жазбаған БАҚ қалмады.

Соны көріп-біліп отырып, С.Туребековке ауданың білім бөлімінің тізгінін ұстатты.

Асанов ай қарап отыр ма? Сол С.Туребеков енді аудан әкімі Б.Асановты «Жердің жарығы болса, кіріп кететіндей» күйге түсірді ғой.  «Таңдап алған-таңдамыш» облыстық білім басқармасының басшысына облыстың ұятқа қалып жатқаны «чепуха» сияқты. Өйткені, осы директорға облыс «добро» берді ғой. Соңғы уақытта облыста кадрдін қадірі кетіп, түрлі келеңсіздіктер бел алып бара жатқаны жоқ па? Өмір тынысының өзекті мәселесін қозғауды алдағы уақыттың үлесіне қалдыра тұрайық.

Ә.Мұратбеков.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.