Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің  дамуындағы негізгі басымдықтың бірі. Жемқорлық сөзіне қысқаша тоқталатын болсам,(лат.corruptio-сатып алу) мемлекеттік басқару құрылымдарындағы  лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктеріне жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қызметтік іс-әрекеттері.Сыбайлас жемқорлықпен күресу көптеген әлем елдерінің үлкен мәселерінің бірі болып табылады. Жемқорлық салдары мемлекетіміздің тыныштығын бұзып, еліміздің дамуына, экономикамыздың өсуіне және халықтың тұрмыс жағдайына кері әсерін тигізетіні анық. Сыбайлас жемқорлықты бір күнде жою мүмкін емес. Сондықтан жемқорлықты жою үшін – әр азамат немесе азаматша болып бірлесіп күш біріктірудің нәтижесінде алдын алуымызға, бірлесіп жеңіске жетеміз деп сенімдемін. Қазіргі таңда жемқорлықтың алдын алу шаралары кең ауқымда қаралып, заң аясында шаралар қолдануда. Осылайша еліміздің гүлденуіне, адамзаттың зардап шекпеуіне жағдай жасай аламыз. Жемқорлықты жою – мемлекет пен тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі жұмыстардың бірі. Сыбайлас жемқорлық салдарының басты  себептері табыс көздерінің жеткіліксіздігі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған үшін жеке немесе заңды тұлға болсын,  заң аясында шаралар қолданылады. Мысалға айтар болсақ, жұмыстан шеттету, айыппұл салу және өзгеде шаралар көзделген. Халқымызда тәртіпке бағынған құл болмас деген нақыл бекер айтылмаған. Еліміздің тыныштығын бұзбай,заңға бағынып Сыбайлас жемқорлық салдарының алдын алуымыз керек.

Бас-маман сот отырысының хатшысы

Т.Сәдуақас

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.