Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы кәсіпкерлік саласының мамандарына таныстырылды
Бүгінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен кәсіпкерлік қоғамдастыққа Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы ел аумағында таныстырылуда.
Аталған тұжырымдама таныстырылымы бүгін Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының арасында өтті.
Жиында Агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндалып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Сондай-ақ, Стратегиялық құжаттың маңыздылығымен таныстырған Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет Тұжырымдама қоғамның барлық саласына қатысты екенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы толыққанды мәлімет беріп, қаысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.