СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚР Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған кеңейтілген кезекті мәжіліс Сарыағаш ауданында өтті.

Мәжілістің негізгі мақсаты — кедендік реттеу саласына жүргізілген мониторинг қорытытындысы мен жұмыс жоспарын талқылау, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын түсіндіру.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет, Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М.Абдрахманов, Арыс көлік прокуратурасының прокуроры М.Мошқалов, кеден бекеттерінің саласының басшылық және жеке құрамы, шекара қызметінің мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алқалы жиын барысында сөз алған Нұрдәулет Ильясұлы кеден саласы қызметкерлерінің мемлекет алдындағы айрықша жауапкершілігін алға тартып, бүгінгі күні Мемлекет басшысы қол қойған 2022 — 2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасының негізгі бағыттарын атап өтті.

Сондай-ақ, Түркістан облысы мемлекеттің шекарадағы орналасқан аймақтар қатарына жататындықтан және облыс аумағы экономикалық тұрғыдан транзиттік аймақ болғандықтан кеден қызметіндегі жемқорлық мәселесі өзекті болып табылатындықтан, осы салада орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын, азаматтардан келіп түсетін шағымдарды ескеріп, жүргізілген мониторинг жұмыстары туралы кеңінен баяндады.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М.Абдрахманов кеден саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Кездесу соңында Нұрдәулет Ілиясұлы қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және өздеріне жүктелген міндеттерін адал атқаруға шақырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.