СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҮЗДІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкентте студенттер арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жобалар байқауы өтті.
Байқау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Басты мақсат – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін жастардың қатысуымен айқындау.
Байқау барысында жоба идеясының тиімділігіне, мазмұнының ашылуы, жобаның дағдысы, идеялардың жаңашылдығына назар аударылды.
Жеңімпаздарды марапаттау мақсатында «Аntikor ortalyǵy» алаңында кездесу ұйымдастырылып, үздіктер анықталды.
ЖОО арасында бірінші орынды иеленген М. Әуезов атындағы ОҚУ «Sanaly urpaq» клубының мүшелері Ақдариға Мұхаддас пен Назерке Әліайдарқызы жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жобаға қатысқандарына өте қуанышты екендіктерін жеткізді.
«Бүгінде көп жобалар, стартап байқаулар бар, бірақ оның барлығы кәсіпкерлікке баулу сипатында. Ал бұл жоба біздің адал болу, жақсылық жасап жарысу, қайырымдылықты ынталандыру мақсатында дайындалған жобаларымызды әрі қарай дамытуға серпін берді. Үздіктер қатарынан көрінгенімізге қуаныштымыз, алдағы уақытта да жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жобаларға қатысуға дайынбыз» — дейді студенттер.
Сонымен қатар, орта арнаулы оқу орындары арасында Жол-көлік колледжінің студенті Аян Оразбектің жобасы І-ші орынға лайық деп танылды.
Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.