СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен өткен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев қатысты.
Кездесу барысында Т.Серікбаев Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы жаңа бастамаларды көтеріп, ұжым арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық, әділдікті сөз етті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы негізгі басымдықтардың бірі превенция, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Бұл ретте қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға баса назар аударылады» — деді спикер.
Сонымен қатар, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндеттелгендігі айтылып, орындалмаған жағдайда басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны жеткізілді.
Кездесуде аталған мекеме директоры Сахит Қымтаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстармен таныстырып, күнделікті ұжым арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыратындығынан хабардар етті.
Айта кетейік, бұған дейін «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотталған болатын.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.