СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Д. Нұрмолдинның төрағалығымен семинар-кездесу өтті.

Бармақ басты, көз қысты әрекеттерді болдырмау мақсатында өткізілген келелі шара психологиялық тренинг форматында өткізілді.

Аталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Мұрат Абдрахманов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Нұрдәулет Ілиясұлы мемлекет саясатының күн тәртібінен түспейтін жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы хабарлады.

Сондай-ақ, сыбайластыққа жалпы қоғам болып төтеп беру қажеттігін жеткізіп, пара алу, пара беру, пара ұсыну, делдалдық ету сынды тәуекелдермен ұшырасқан жағдайда, азаматтық белсенділік таныта отырып, Агенттіктің 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде Департамент басшының орынбасары М.Қайыргелдіұлы және Адам ресурстары басқармасының басшысы А. Габдуллина қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жиын соңында психолог Айдана Садықбекова құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал ететін психологиялық тренинг ретінде дәріс өткізіп, қатысушыларды адал және парасатты тұлға болуға шақырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.