Т.МЕДЕТБЕК:  Iшкi өсiм де көңiл көншiтпейдi

Өкінішке қарай, қоғамның оралмандарға көзқарасы әлі күнге дейін оңалған жоқ. Оларды бауырым деп қабылдамайды, өгей ұлдай жат көреді. Жеріміз кең деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Бірақ өз бауырымызға ұлтарақтай жер бөліп беруге сараңбыз.

Ішкі өсім де көңіл көншітпейді. Жастар жалғыз жүр. Еркіндікке еті үйренгендіктен емес, жағдайы келмегендіктен. Жастардың көпшілігі жұмыссыз. Жұмысы бардың баспанасы жоқ. Тұрмысымды түзеймін деп жүргенде уақыттың қалай өтіп кеткенін, жасының жер ортасына таяп қалғанын байқамай қалады. Кәрі қыздар неге көбейді деп жаһандық мәселе етіп көтеріп жатырмыз. Батыстағыларды білмеймін, бірақ біздің қоғамда барлығы әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі.

«Т»

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.