Т.ТЕМЕНОВ, ҚР Халық артисі, профессор: Әлде Парламенттiң деңгейi осы ма…

Әнеукүні теледидардан бір депутат көкеміздің айт­қан сөзі: «Қазіргі бос тұрған пәтер­лерді жалға беруді доғару керек» деді. Себебі ол мырза ұйық­тағанда көршілер жақтан «ың­қыл-сыңқыл» естігенде ұйықтай алмай ұялады екен…
Ақылды депутаттың, абыз депу­тат­тың сонда айтпағы осы ма? Депу­тат – қазіргі Ел тағдырына, Жер тағдырына алаңдамаушы ма еді?! Болмаса Атырауда қырылған ақ сазан балықтардың неге өлгенін, Арқа­дағы ақбөкендердің не үшін, неден көктей жусап жатқанын, болмаса неге бізде қарттар үйі мен жетімханалардың көбейіп бара жатқанын, әйтпесе неге біздің Елден бір жылда 40 мыңнан астам білімді, оқыған жастардың шет асып бара жатқанының себебін, неге біз жемқорлықты жеңе алмай отыр­ған­дығымызды, неге бізде бейбіт күнде «Ауған соғысынан» да сорақы жол апатынан жүздеген, мыңдаған адам­дардың шейіт болатынын , неге, неге деп мәселе көтере ме десем, ол кісі «ыңқыл-сыңқыл» мәселесін көтереді екен. Әлде Парламенттің деңгейі осы ма деп қынжылдым… Күйзелдім…

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.