Т.ЖАМАНҚҰЛОВ: Қараспан төне бермес, қара бұлт та ыдырар
Бой түзейтін дейтін «бойшаңдар» мен ой түзейтін ойшылдар бұққан заман. Бұққан сайын бүкір боласың, өрге баспаған ойыңды тот басады екен. Аң терісін жамылған басшылардың «шешендігін» де керең болғыр құлағымыз естіп, соқыр болғыр көзіміз көрді-ау! Бірнеше жыл өнердің төбесінде әңгір таяқ ойнаттық! Көндік. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмады. «Мұның не?» дегеннің бірі мен едім, білесіңдер. Өзін ғана ойлаған арзандар мен алыпсоқтар жайлаған, ақсақалсыз қалған өнерде қайдан құрмет болсын! Жастардың жаны жадау, үміт жіңішкерген кезден өттік. Үзілмесе игі сол Үміт! Қараспан төне бермес, қара бұлт та ыдырар.
«Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім»… Ермек Тұрсынов інімнің бір айтқаны әлі күнге зәремді алады. Былай деп еді: «Он миллион қазақтың жалғыз ақсақалы бар еді, ұлты неміс, одан да айырылдық. Герағамыз, Герольд Бельгер қайтыс болды» деген. Денемді мұз қарыған. Тік тұратын төбе шашым да қалмады.
jasqazaq.kz