Т.ЖҰРТБАЙ: БҰЛ – ҮЛКЕН РУХАНИ АПАТ
Қазір дәстүрсіз ұрпақ қалыптасып келеді. Бұл – үлкен рухани апат. Тәуелсіз экономика мен тәуелсіз ғылым жоқтәуелсіз ғылымсыз- тәуелсіздік те, зиялы да, болашақ та жоқ. Тағы да сол «сорлы» Абай:
«…малды сарып қылып ғылым табу керек. Ғылымсыз – ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз – оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық, ешбір ғибадат орнына келмейді», — дейді. Біз сол ғылымды – «малдың», яғни бизнестің құрбандығына шалып отырмыз.
Мемлекет өз ұлтынан ажырай бастады. Екеуінің ойы екі басқа. Енді олардың басы қайта біріге ме, жоқ па? Әй, қайдам. Ашығын айтайын, мемлекет халықтан ажырап барады. Қазір мемлекет пен халық басқа: «Мемлекет тек реттеп отыруы керек. Қалғанын базардың өзі реттейді» деп өзеурегендер бар.
«ЖА»