Тағамнан уланудың алдын алу шаралары
Тағамнан улану дегеніміз — микроптармен оның токсиндерінің адам ағзасына зақымданған тағамды немесе улы тағамдарды жегенде пайда болатын, адамнан адамға жұқпайтын жедел аурушаңдық. Тағамнан улану мен тағамдық токсикоинфекция алементарлық жолмен, яғни тағам арқылы ағзаға түсіп, жұғатын ауру. Тағамдық токсикоинфекция- бұл асқазан ішек органдарының жоғарғы бөлігін зақымдап, су-тұз алмасудың бұзылуымен сипатталатын қысқа мерзімді жедел жұқпалы ауру. Адам ішінде қолайлы жағдайларда аурудың бастапқы кезінде қоздырғыш көбейіп, нәжісімен сыртқы ортаға бөлініп, топырақ, суларды және тағыда басқа жерлерді зақымдап, белгілі бір уақытқа дейін өмір сүреді.
Тағамнан уланудың белгілері
-аурудың тез арада жедел түрде зақымданған тағамды жегеннен кейін 30 минуттан соң басталуы.
-бір уақытта, біраз адамның мезгілдік ауруы. -аурудың белгілі бір тағаммен байланыстығы.
-сезікті тағамды тоқтатқан соң аурудың тоқтауы.
-басқа жұқпалы аурулардан ерекшелігі, ауру адамнан сау адамға жұқпайды.
-жүрегінің айнуына, іші өтуіне, құсу мен іш аймағының ауырсынуынуы
-дене қызуы көбісінде көтерілсе, кейбіреулерінде көтерілмеуі.
Тағамнан улану және тағамдық токсикоинфекцияның пайда болуына жартылай фабрикаттар мен дайын тағамдарды тасымалдау, дайындау барысында технологиялық процестердің сақталмауы, санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормалардың бұзылуы, тез бұзылатын тағамдардың, азық-түліктердің сақтау мерзімдерінің бұзылуы салдарынан болатын ауру.
Бұл аурудың арнайы емі жоқ. Емі антибиотикалық терапия, симтоматикалық ем мен аурудың жалпы жағдайын дәрі-дермектермен жақсарту.
Тағамнан уланудың алдын алу шаралары
Жеке бас гигиенасын сақтап, тамақтанар алдында қолды міндетті түрде сабынмен жуу.
Дайын тағамды ішер алдында термиялық өңдеуден өткізу, яғни тағамдағы бөтен микроорганизмдерді жою.
Тез бұзылатын тағамдарды тоңазтқыштарда сақтап, микроорганизмдердің көбеюін болдырмау жағдайын қамтамасыз ету.
Ауыз суға тек қайнаған немесе арнайы бөтелкеленген суларды пайдалану қажет.
Термиялық өңдеуге жатпайтын жеміс-жидектерді пайданалар алдында қайнаған сумен жуу.
Үй жағдайында дайындалған тағам өнімдерін белгісіз адамдардан, базарлардан сатып алмау.
З.Б.Исабекова,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық
қадағалау бөлімінің жетекші маманы.