ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЗАҢДАСТЫРУЫ ТИІС
QAZYGURT.KZ: Мұның алдында салық органдары жолаушы тасымалымен айналысатын такси жүргізушілері өз қызметін тіркемесе, көліктері тәркіленетіні туралы хабарлаған еді. Аталған жайтқа байланысты қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов түсініктеме берді. «Әрине, көлеңкелі экономикамен күресте түрлі тәсілдер тиімді. Бірақ, ақпаратты обьективті түрде жеткізу маңызды. Мысалы, бұл мәселе ҚР ӘқбК 463-бабында келтірілген. Онда қызметін тіркемей кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғаларға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынып, кәсіпкерлік құралы тәркіленеді делінген. Бұл істі әкімшілік сот қарайды. Бұл жағдайда көлікті тартып алу қосымша өндіру шарасы ретінде қолданылады. Бұл әрекет сот шешімімен жасалады. Осы уақытқа дейін мұндай тәркілеу болған емес. Және болмайды деп үміттенем. Себебі, бұл құқыбұзушылықтан қоғамға ешқандай нұқсан келмейді», — деді ол. Палата өкілі жеке адам тасымалымен айналысатын такси жүргізушілеріне ХҚО арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге кеңес берді. «Бұған небәрі 10 минут жетеді. Есесіне, ресми жұмыс жасап, салық төлеуге, басқа да жеңілдіктер алуға мүмкіндігіңіз болады», — деді Айтуар Қошмамбетов. Алматыда заңсыз жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілері салық төлемегені үшін көлігінен айырылып қалуы мүмкін екенін кеше Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлаған болатын.
АҚПАРАТ көзі: inform.kz