Тәлім-тәрбие

Халықтық педагогиканың да, діни тәлім-тәрбиенің мақсаты – ғылымды азық қылған мейірімді, әділетті адамды тәрбиелеу. «Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі. Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі» — деп Абай білмесе айтарма еді. Көпті бақытты қылу жолы осы, басқа ештеңе де емес. Арабтың әдебиет (төркін сөз – «әдеп») сөзі де пенденің мінездерін түзеу, қалыптастыру деген мағынаны білдіреді.
Ежелден жас буын тәрбиесі ата-ана, ұстаздардың ғана емес, көкірегі ояу барша қауымның (ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, ақсақалдар) ортақ ісі болған. Жалпысында, имандылық пен адамгершілік тәрбие жас талғамайды.
Сондықтан, қоғам балабақшадан жоғары оқу орындарына дейін қамтылатын діни таным жүйесін жолға қоюға мүдделі. Әлбетте, мемлекетдін құбылысына осы тұрғыдан араласады, көмек қолын созады. Міне, зайырлылық дін мен қоғам арасын жалғай алатын алтын көпірдеуіміз осымен өз түсінігін табады. Қоғамда шынайы зайырлылық негізі отандық теологияны дамыту арқылы қалыптасады.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.