«TALQYLAU»дың КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
📆Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында «Жаңа Жолдау: жаңа міндеттер!» тақырыбында «TALQYLAU» диалогтік алаңшасының кезекті отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов жүргізді.
📌Мемлекет басшысы Жолдауда халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдерді ұсынып, үкіметке тапсырмалар жүктеді. Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға «AMANAT» партиясы белсене қатысып, Мемлекет басшысының реформаларын түсіндіру жұмысына атсалысуда. Бұл қадам партияластарға жаңа бағыт-бағдар беріп, олардың халық мүддесін қорғау ісіндегі азаматтық белсенділігін арттыратыны сөзсіз.
Бүгінгі кездесудің спикерлері қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Ж.Таңатарова Жадыра, экономика және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Абдукаримов, «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрайымы К.Айдарбекова, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Е.Жүнісбек. Кездесуде алғашқы боп сөз алған Ж.Нағашыбайқызы отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін қылмыс ретінде қарастырып, оған тиісті жаза қолданылу керектігі туралы өз ойымен бөлісті. Ал, К.Смайылханқызы мемлекет басшысының жастарға көңіл бөліп, олардың білімі, жұмысы, кәсіп бастауына жеңілдік жасап отырғаны туралы кеңінен әңгімеледі.