ТӘРТІП КҮЗЕТКЕН СЕРЖАНТТЫ ПЫШАҚТАП КЕТТІ

QAZYGURT.KZ: Өскемен көшелерінде тәртіп күзетіп жүрген сержантты 61 жастағы адам пышақтап кеткен. Оқиға 15 қаңтар күні кешкі сағат 19.30-да болған. Аулалардың бірінде сенделіп келе жатқан бейтаныс адамды қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген полиция өкілдері тоқтатқан. Сақшылардың тексеруіне бағынғысы келмеген 61 жастағы тұрғын 22 жастағы сержантқа кенет пышақ сілтесе керек. Абырой болғанда пышақ сақшының денесіне бойлап кірмеген.  Алған жарақатына қарамастан ол қасындағы әріптесімен бірге мас адамды оқиға орнында тұтқындапты. «Қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұған дейін сотталғаны анықталып отыр. Енді үстінен полиция өкіліне күш көрсеткені үшін ҚР Қылмыстық кодекісінің 380-бабының 2-тармағы бойынша  тергеу жүріп жатыр» — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.