ТАССАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА
AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында түзілген Жол картасында қаланың шалғай елді-мекендерінің инфрақұрылымын дамыту басты басымдықтардың бірі ретінде белгіленген. Сондықтан үшінші республикалық маңызы бар қалада тұрғындар лайықты әрі сапалы өмір сүруі тиіс. Осыған орай, Жол картасында көгілдір отын, таза ауыз су, сапалы электр энергиясы, асфальт, жол және кәріз жүйесімен жергілікті тұрғындарды қамтамасыз ету партияның бақылауында. Атап айтатын болсам, қаламызда таза ауыз сумен қамту деңгейі 98%-ға, кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54%-ға, сапалы электрмен қамту деңгейі 97%-ға, табиғи газбен қамту деңгейі 93%-ға жеткізілді. Ал, жол мәселесі 63,3%-ды құрап отыр.
Бұл көрсеткіштерді көтеру мақсатында партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтарының орындалуын бақылау жасалып келеді.
Осыған орай, Шымкент қалалық мәслихат депутаты, AMANAT партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары ретінде өзіме бекітілген округ Тассай елді-мекенінің тұрғындарымен кездестім. Негізгі мәселе инфрақұрылымның мәселесін қозғады. Кездесуге Қаратау ауданының әкімі Р.Мулькеманов, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков, Жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасының өкілі қатысты. Тұрғындардың талаптарына орай, асфальт жолдары аяқталатынын және КХ-39 жолы 2023 жылға өтпелі екенін, табиғи газ мәселесі бірінші жылу мерзімінде берілетінін жеткізіп, ал ауыз су мәселесіне қатысты алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылданатыны айтылды. Тұрғындардың талаптары кезең-кезеңмен оң шешімін тауып келеді. Барлық мәселелер партияның бақылауында болатынын жеткіздім