Тәуелсіздік және рухтың күшеюі
Тәуелсіздік туралы жүректен шыққан жырлар, өлеңдер,әндер баршылық. Олардың бәрі тәуелсіздікті дәріптеп,насихаттауда,ұрпақ тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.Қазақстанның әлемдегі бағасы тәуелсіздігімен жоғары,егемендігімен еселі.Тәуелсіздік жариялағаннан бастап еліміздің барлық саласының дамуы нарықтық экономикаға көштік дегеннің өзінде мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың қажет екенін уақыттың өзі көрсетті. Ұзақ мерзімді жоспарлау бәрібір де қажет еді.Дәл осы тұста аяғын тәй-тәй басқан тәуелсіз қазақстанға ықпал ететін 20 сын-қатер сарапталып талданды,шешу жолдары қарастырылды.Дені сау ұлт,болашақұрпақ үшін Семей ядролық полигоны жабылды. Тиімді мемлекет болу мақсатында барлық бағыттарды қамтыған 1997 жылы дүниеге келген «Қазақстан – 2030» стратегиялық құжаты 25 басты нәтижемен өз қажетін мерзімінен әлдеқайда бұрын өтеп, керегесі кеңейген әлемдегі алдыңғы қатарлы озық отыз елдің қатарына ену – «Қазақстан – 2050» стратегиялық құжаты қабылданды.
Елімізде тұратын көп ұлтты қазақстандықтардың мүддесін күйттейтін, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып,2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутатын сайлады.Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы ұлттар бірлігінің эталоны саналды. Ата заңымыз қабылданып,уақыт талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.Ұлттық валюта теңгемізді қолымызбен ұстап,зейнетақы реформасы жасалды.Көпқырлы сыртқы саясаттың арқасында деңгейі биік саяси диалогтар өз жемісін берді, Қазақстанның бітімгер функциясын орындауы соның айғағы.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы елді әлемге танытудың жоғары баспалдақтары еді. «Ұлт жоспары», «Жалпы еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық құжаты еңбек адамының қоғамдағы орнын белгіледі. Отаншылдық сезімді нығайту жұмыстары қолға алына бастады. Саясат пен экономика, сананың тығыз үйлесімділігі үшін «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» тәуелсіздікті нығайту жолындағы адам капиталының жаңа сапасы үшін қоғамды ұйыстырудың қуатты факторлары тарихты терең тану қолға алынды. Осы жеткен жетістігіміздің бәрі Елбасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі әрі төл туындысы. Елбасын қалай мақтасақ та,қалай марапаттасақ та артық емес.Ендігі мақсат әрі тәуелсіздігіміздің төртінші онжылдығының міндеті – әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру.Бұл жерде үш құндылық қатар жүріп отырады,ол – жер,тіл,бірлік. Айтып отырған үш құндылығымыз ұштасу үшін табиғи отаншылдық, ұлттық идея жоғары деңгейде болуы тиіс.Ұлттық рух- елімізде тұратын барша халықты топтастыратын біріктіруші күш.Ұлттың бірлігі үшін табиғи отаншылдыққа тәрбиелеудің негізі тарихи сананы қалыптастыру десек, «Рухани жаңғыруға» ораламыз. Азаматтардың санасына Ұлы Дала тарихын сіңіру арқылы тәуелсіздікті нығайтудың,ұлттық рухты көтерудің маңыздылығын аңғарамыз. Бұл құндылықтар ұлттық намыспен тығыз байланысты.Ұлттық намыстың отын ауыз әдебиетінен айқын көреміз.Ұлттық намысы мықты елді ешқашан жау ала алмаған.Ұлттық намыс әрқашанда елдікпен бір ұғымда болған.Әлбетте этностық сананы да естен шығаруға болмайды,өйткені өзге этностардың ұлттық дәстүрлері,мәдениеті өздеріне жақын,өз тамырларына қызығушылық туғызары сөзсіз. Сондықтан тәуелсіздіктің нығаюына міндетті түрде этнопсихолия әсер ететіні сөзсіз.Ірі ойшыл Никколо Макиавелли ұзақ уақыт отарланған халықтың санасында үстемдік еткен халықтың тілі,мәдениеті кейбірінде діні де сақталып қалады деген болатын.Оны қай-қайсысымыз да мойындаймыз.Тәуелсіздік алғаннан бері ой өзгеріп, санаға сілкініс жасайтын уақыт туғалы қаншама уақыт өтсе де, мемлекеттік тілімізде сөйлеуден кешеуілдеп отырмыз.Қазақ болып туылып,қазақша ойлай алмау– ұлттың беделін түсіретін қасірет.Жүректен шыққан табиғи отаншылық баршамыздың кеудемізді керіп тұрмаса, ұлттық болмысымызды тіктей алмайтынымыз ащы да болса бет жыртатын ақиқат.Осы ақиқат намыссыздықпен,рухсыздықпен ұласып жатқан жемқорлыққа алып баратын тікелей жол.Намысы жоқ,ұлттық рухпен нәрленбеген,түйсігі таяз адамдар ғана өз елінің дүниесіне өзі қол салады.Кімнен ұрлайды? мемлекеттен бе? Мемлекеттік қаржы өз ұрпағының қазынасы екеніне байып беріп терең үңілмейді.Жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тіл жөнінде «Қазақтың тілі–қазақтың жаны» деп айтқан болатын.Көптің көңілінен шыққан қажет сөз болды. Ұлт мүддесінің салмағы тілімізді сақтауға,рухани мұраларымыздың жаңғыруына әбден байланысты Елдің өркендеуі үшін,тәуелсіздіктің нығаюы үшін экономиканы өркендететін қыруар қаржы ғана қажет емес,тал бесіктен бастап жер бесікке дейін ұлттық рухтың көтерілуі аса маңызды.Ұлттық рухпен жігерленген ұрпақ тұрақтылықты,бірлікті ту етіп тәуелсіздікке тірек болмақ,тәуелсіздікті нығайтатын да – осылар.Тұрақтылық,бірлік демекші, кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы лауазымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.Бұл мәселеде үлкен мән бар, сабақтастық үрдісі жатыр,терең ой,сенім жатыр. Бұл бүкіл Қазақстан халқын мемлекет басшысының төңірегіне шоғырлануды,бірлік пен ынтымақ пен елдегі тұрақтылық қазақстанның даму жоспарларын бірлесе жүйелі жүзеге асыруды көздеген Елбасының көреген ұсынысы болды.Атақты батырларымыз,хандар,билеріміз жүріп өткен жолдардың жалғасы әрі тәуелсіз қазақстан жолының төртінші онжылдықтағы атаулы тұрақтылық белесі, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында Елбасының жас ұрпаққа бүкіл Қазақстан халқына үлгісі болды. Елбасы деген атқа нағыз лайықты тұлға екенін тағы да дәлелдеді. Елбасының ұсынысы ұлттар мен этностардың рухын бір көтеріп тастады. Ұлттық рухтың көтерілуі –тәуелсіздікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Калыйма Жантөреева
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,
«Nur Otan»партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары