“ТАЗА СЕССИЯ” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САУАЛНАМАҒА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ СТУДЕНТ ҚАТЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 24-28 мамыр күндері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Таза сессия» акциясы аясында облысқа қарасты барлық жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «құпия түрде сақталатындығына кепілдік берілетін» 10 сұрақтан тұратын сауалнама жүргізді.

Адалдыққа үндейтін игі науқанның негізгі мақсаты — елдің ертеңгі келешегін қалыптастыратын жастар
қауымын адал еңбекке баулу және парасатты тұлға болуға дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, білім беру жүйесінде және тиімді алдын алуға бағытталған іс-шаралардың ашықтығын қамтамасыз ету.

Акция нәтижесі ЖОО-дағы және колледждердегі оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды.

Сауалнамада «Сіз оқитын оқу орнының сыбайлас жемқорлық деңгейін 10 балдық шкала бойынша бағалаңыз» деген нұсқада көрсетілген 0 — сыбайлас жемқорлық жоқ, 10-толық жемқорлық деген сұраққа ХҚТУ студенттерінің 69,4%-ы, Сырдария университеті мен Халықаралық туризм университетінің студенттері 67,6%-ы сыбайлас жемқорлық жоқ деп жауап берген.

Ал, «Сіз оқитын ЖОО-да емтихандарға, мемлекеттік емтиханға немесе дипломдық\диссертациялық жұмыстарға Сізден ақша сұрады ма, не болмаса пара талап ету фактілерін естідіңізбе?» деген сұраққа ХҚТУ студенттерінің 86,3%-ы бізде мұндай қолданылмайды деп жауап берсе, 11,9% -ы білмеймін мүмкін бар шығар деп жауап берген.
Сырдария университеті мен Халықаралық туризм университетінің студенттерінің 79,5%-ы бізде мұндай қолданылмайды десе, 15,9%-ы білмеймін мүмкін бар шығар деп жауап берген.

Сондай-ақ, «Сіз оқитын колледжде мемлекеттік емтиханнан кейін немесе дипломдық\диссертациялық жұмыстарды қорғағаннан кейін комиссия мүшелеріне дастархан жаю үрдісі бар ма?» деген сұраққа студенттердің 67,8% — жоқ жауап берсе, 15,9%-ы білмеймін мүмкін бар шығар деген нұсқаны таңдаған.

Айта кетсек, сауалнама нәтижесі адами әлеуетті дамыту басқармасына жұмыс жасау үшін жолданады.

Алдағы уақытта да «Таза сессия» акциясы аясында жас буынның бойына сыбайластық сияқты жат әрекеттерден сақтандыратын берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған бақылау жұмыстары әрі қарай өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.